«Жеті ата – жеті қазына»: полиция қызметкерлеріне ұлттық құндылықтар насихатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасының жеті басым бағытын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына сәйкес полиция қызметкерлері арасында «Жеті ата – жеті қазына» тақырыбында танымдық-тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерік Байжұманұлы қатысып, ата-текті білу, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, үлкенді сыйлау және ұрпақтар сабақтастығын сақтау жөнінде тағылымды әңгіме өрбітті.

Іс-шара барысында ұлттық құндылықтардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталып, қызметкерлерге тарихи-танымдық бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, ата-текті білу мен ұлттық дәстүрді ұлықтауға қатысты ой-пікірлер ортаға салынды.

Кездесудің негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-баба мұрасына деген құрметті арттыру, салт-дәстүрді сақтау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Мұндай тәрбиелік іс-шаралар қызметкерлердің ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға және қоғамдық қызметте адамгершілік қағидаттарды ұстануына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1292752?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді