
Астанада 19 қыркүйектен бастап өңірлердегі тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады. Жәрмеңке әр апта сайын сенбі және жексенбі күндері 1 қарашаға дейін өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осы демалыс күндері, яғни 19 және 20 қыркүйекте елордада Қызылорда және Атырау облыстарының алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Шаруалар тұрғындарға ет, балық, сүт және т.б. өнімдердің кең түрін тікелей ұсынады. Бұл азық-түліктің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, отандық тауар өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, Қызылорда және Атырау облыстары Астанаға 600 тоннадан астам өнім әкеледі. Оның ішінде 260 тонна бақша өнімдері, 220 тонна күріш, 65 тонна балық, 40 тонна ет және ет өнімдері, сондай-ақ 20 тоннадан астам өзге де азық-түлік бар.
Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына жәрмеңкеге баруға ыңғайлы болуы үшін өтетін күндері №18, 37 және 303 автобус бағыттары қатынайды.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1292776?lang=ru

Жауап қалдыру