
🎥 САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ – ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлері күніне орай *қтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Кульманов Жансерік «Ақтөбе» телеарнасына арнайы сұхбат берді.
Сұхбат барысында Жансерік Кульманов санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі бағыттары, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, өзінің еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесіне тоқталып, санитариялық-эпидемиологиялық саладағы қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі жөнінде ой бөлісті.
📺 Сұхбат барысында сала мамандарының күнделікті еңбегі, халық денсаулығын қорғаудағы қызметтің рөлі және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттары кеңінен қамтылды.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлері күні құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1292784?lang=ru

Жауап қалдыру