
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және Өкіл жанындағы Сараптамалық кеңес мүшелері бірлесіп Қызылорда қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, жұмысымен танысты.
Елімізде отбасын қолдау орталықтарын ашу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан бастау алады. Аймағымызда 9 отбасын қолдау орталығы, оның ішінде Қызылорда қаласы мен Байқоңыр қаласында, 7 ауданда ашылып, қызмет көрсетуде.
Бұл орталықтардың негізгі мақсаты отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету, зорлық-зомбылықтың алдын алу, дағдарыс жағдайындағы отбасыларға көмек беру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1292861?lang=ru

Жауап қалдыру