Бала туылған кезде көзделген республикалық бюджеттен төленетін төлемдер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы мемлекет тууына және бала күтіміне байланысты отбасыларға төлемдер көздеді.

Ең алдымен, бұл бала туылған кездегі бір жолғы жәрдемақы. Төлем мөлшері туу тәртібіне байланысты.

Бірінші, екінші және үшінші балаға 38 айлық есептік көрсеткіш  төленеді, бұл 2026  жылы 164350 теңгені құрайды.

Төртінші және одан кейінгі балалар туылған кезде жәрдемақы мөлшері 63 айлық есептік көрсеткіш немесе 272475 теңгені құрайды.

Егер отбасында бір уақытта екі, үш немесе одан да көп бала туылса, жәрдемақы әр балаға туу тәртібін ескере отырып төленеді.

 Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын адамдар үшін, бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдем ақы қарастырылған.

Ай сайынғы төлем мөлшері баланың кезегінеде байланысты. Бірінші балаға 24 912 теңге, екіншісіне 29454 теңге, үшіншісіне 33952 теңге, ал төртіншісіне және одан кейінгі балаларға айына 38493 теңге төленеді.

Осылайша, балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау бала туылған кезде біржолғы төлемді ғана емес, сонымен қатар бала күтімі кезінде ай сайынғы көмекті де қамтиды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1292860?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді