
📢 Мүлік салығы: уақытында төлеп үлгеріңіз!
Құрметті салық төлеушілер!
2026 жылғы 1 қазанға дейін жеке тұлғалардың 2025 жыл үшін мүлік салығын төлеу қажет екенін еске саламыз.
🏡 Салық жылжымайтын мүлік иелеріне: пәтерлерге, жеке тұрғын үйлерге, саяжайларға, гараждарға және басқа да мүлік объектілеріне қатысты.
💰 Есептелген салық сомасын банк қосымшалары, eGov, сондай–ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық сервистері арқылы білуге және төлем жасауға болады.
⚠️ Төлемді кейінге қалдырмауға кеңес береміз. Белгіленген мерзім бұзылған жағдайда берешек сомасына өсімпұл есептеледі.
Салық бойынша есептеулеріңізді алдын ала тексеріп, салықты уақытында төлеңіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1292910?lang=ru

Жауап қалдыру