
Облыстың спорттық делегациясы өткен Ойындармен салыстырғанда құрамын кеңейтті. Бұған дейінгі жарыстарға Қостанай облысынан 8 спортшы қатысқан болатын. Ал биылғы беделді дода 2026 жылғы 18-24 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында (Айти префектурасы) өтеді.
Өңір өкілдері пара спорттың алты түрінен бақ сынап, халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуге талпынады.
Команда құрамына Қостанай облысының мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубының тәрбиеленушілері енді. Спортшылар пара оқ атудан, пара пауэрлифтингтен, пара дзюдодан, пара жеңіл атлетикадан, пара үстел теннисінен және пара велоспорттан жарыстарға қатысады.
Пара оқ атудан өңір намысын Арсен Муратов пен Санаш Ещанов қорғайды. Спортшыларды А.С. Ещанов жаттықтырады.
Пара пауэрлифтингтен Фархат Мутунов пен Турсынай Кабыл өнер көрсетеді. Олардың жаттықтырушысы — Д.Е. Царенко.
Пара дзюдодан бірден үш спортшы — Ермек Нуркабаев, Динара Куджулова және Эльнара Абдиназарова өнер көрсетеді Спортшыларды И.С. Сорокин және М.Б. Кинтонов жаттықтырады.
Пара жеңіл атлетикадан жарысқа Светлана Иржанова мен Гульдерай Кабурова қатысады. Спортшылардың жаттықтырушысы — П.А. Сидорчук.
Пара үстел теннисінен өңір намысын Игорь Худяков қорғайды. Оны жарысқа С.Н. Родичкин дайындады.
Пара велоспорттан Қостанай облысының атынан Павел Бабенко өнер көрсетеді. Оның жаттықтырушысы — А.А. Жармухаметов.
Қостанай облысы спортшыларының осындай ауқымды халықаралық жарысқа қатысуы өңірдегі пара спортты дамытудағы маңызды кезең болып табылады. Бүгінде спортшылар алдағы жарыстарға дайындықтарын жалғастырып, шеберліктерін шыңдап, лайықты нәтиже көрсетуге мақсат қойып отыр.
V жазғы Азия Пара ойындарында спортшыларымызға сенімділік, күш-қуат және жарқын жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1293049?lang=ru

Жауап қалдыру