
Әуезов ауданы әкімі аппаратында Щепетков көшесінде қызмет атқаратын кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Аудан әкімі аппаратының Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесіп, сыртқы жарнаманы орналастыру және маңдайшаларды қаланың дизайн-код талаптарына сәйкестендіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тіл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлерге маңдайшалар мен жарнамалық құрылымдардағы мәтіндерді сауатты рәсімдеу және орналастыру тәртібі түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті ұсынымдар беріліп, олардың сұрақтарына жауап ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1293091?lang=ru

Жауап қалдыру