ӨКІЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ “66597 ӘСКЕРИ БӨЛІМІМЕН” БІРЛЕСІП САРБАЗДАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев, облыстық әскери полиция бөлімінің басшысы Бақтияр Дәуренкулов және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің “66597 әскери бөлімі” республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жалғас Рахмангалиевпен бірлесіп сарбаздардың отбасыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты — сарбаздардың әлеуметтік жағдайымен танысу, олардың отбасыларына мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру және құқықтық кеңес беру болды.        

Іс-шара барысында әскери қызметшілердің және олардың отбасыларының  құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері, сонымен қатар қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді.

Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттар алды. Әсіресе тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік жеңілдіктер, медициналық көмек, әскери қызметтің құқықтық негіздері сияқты тақырыптарға ерекше көңіл бөлінді.

Өкіл Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттармен бөлісті. Сонымен бірге, сарбаздар мен олардың туыстарына мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлық әрдайым басты назарда екенін атап өтті. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің отбасыларымен тығыз қарым-қатынас орнату — елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңызды қадам екендігі айтылды.

Мұндай кездесулер сарбаздардың моральдық рухын көтеріп қана қоймай, олардың отбасыларына қолдау көрсетудің маңыздылығын арттырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/985212?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді