
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Меркі аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Маңызды жиынға аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Көкрекбаев, аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Байарыстан, аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Отырысқа комиссия төрағасы Нұржан Қарғабаев төрағалық етті.
Алқалы жиынның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған екі негізгі мәселе қаралды:
-
Аудан аумағындағы «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылуы, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру және күтіп-ұстау жұмыстарының барысы жан-жақты талқыланды.
-
Меркі ауданы бойынша 2025 және 2026 жылдары өткізілген мемлекеттік сатып алулар тиімділігі туралы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиын қорытындысы бойынша халық игілігіне бағытталған жұмыстардың сапасын арттыру және мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді игеру бойынша нақты ұсыныстар айтылып, тиісті қаулылар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-merke/press/news/details/1292873?lang=ru

Жауап қалдыру