Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы Байторысай ауылдық округіне қарасты Дмитриевка ауылы табиғи газға қосылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дмитриевка ауылы табиғи газға қосылды

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы Байторысай ауылдық округіне қарасты Дмитриевка ауылы табиғи газға қосылды.

Елді мекенді газдандыру мақсатында 13 шақырым газ құбыры тартылып, жобаға 104 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «GAZ MART» ЖШС жүзеге асырды.

Газ желісінің іске қосылуы – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұдан былай Дмитриевкадағы 57 аула, 185 тұрғын табиғи газдың игілігін көре алады.

Ауылдағы жаңа газ инфрақұрылымы тұрғындарға жылыту жүйесін жаңғыртуға, тұрмыстық жағдайды жақсартуға және отын мәселесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

 Газ құбырының іске қосылу салтанатына Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев пен Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов қатысты.

 Байторысай ауылдық округінде 4 елді мекен бар. Округте барлығы 1013 адам тұрады. Дмитриевка ауылын газдандыру – елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстардың нақты нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-ekonomika/press/news/details/1292821?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді