Алматыдағы «БҰҰ Плаза»-да ТДМ-ын іске асыру жөніндегі Солтүстік және Орталық Азияның оныншы көптарапты форумы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы, 2026 жылғы 16 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «БҰҰ Плаза»-да Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі Солтүстік және Орталық Азияның оныншы көптарапты форумына қатысты, сөз сөйледі.

Іс-шараны БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) Солтүстік және Орталық Азия жөніндегі субөңірлік кеңсесі Қазақстан Республикасының Үкіметімен серіктестікте ұйымдастырып отыр.

Өз сөзінде Елші өңір елдерінің климаттың өзгеруі мен су қауіпсіздігінен бастап, цифрлық трансформация мен адами капиталды дамытуға дейінгі ортақ сын-қатерлерді шешу үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның Алматыдағы Өңірлік орталығының Орталық Азия мен Ауғанстанның тұрақты дамуын қолдау мақсатында тәжірибе алмасу, әріптестікті нығайту және бірлескен шешімдер әзірлеу үшін маңызды алаң ретіндегі рөліне ерекше тоқталды.

Форум барысында сапалы білім беру, теңсіздікті азайту, орнықты тұтыну мен өндіріс, жерүсті экожүйелерін сақтау, сондай-ақ дамуды қаржыландыру, өңірлік ынтымақтастық және көптарапты әріптестік мәселелері талқыланды.

Іс-шараға БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелерінің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Солтүстік және Орталық Азия мемлекеттерінің, ғылыми қоғамдастықтың, азаматтық қоғам мен жеке сектордың өкілдері қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1293196?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді