Жамбыл облысында 500 студент есірткіге «жоқ» деді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында 500 студент есірткіге «жоқ» деді

Тараздағы М.Х. Дулати атындағы университетте жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өтті. «Есірткінің жасырын жарнамасы: әлеуметтік желідегі қауіптер» тақырыбындағы кездесуге 500 студент қатысты.

Іс-шараны Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинологиялық қызмет және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесуде мамандар жастарға әлеуметтік желілердегі есірткіні насихаттайтын жасырын контенттен сақ болу, оның қауіптілігі және заңмен белгіленген жауапкершілік туралы түсіндірді.

Студенттерге ҚР ІІМ-нің «Книжные закладки не книжные» профилактикалық фильмі көрсетіліп, есірткі таратуға тартудың заманауи тәсілдері мен оның адам тағдырына әкелетін салдары туралы айтылды.

Шараның ең қызықты бөлігі – Жамбыл облысы ПД Кинологиялық қызметі қызметкерлерінің көрсетілімі болды. Қызметтік иттер есірткі және жарылғыш заттарды іздеу, жоғалған адамдарды табу, сондай-ақ шартты құқық бұзушыны ұстау бойынша арнайы дайындықтарын көрсетті.

Қызметтік иттердің әр әрекеті студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл көрсетілім олардың мүмкіндігін ғана емес, кинолог пен оның серігінің күнделікті дайындығы мен үйлесімді жұмысының маңызын да айшықтады.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, есірткінің адам өмірі мен болашағына төндіретін қаупін түсінуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1293271?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді