Қазақстан мен Грузия ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 қыркүйекте Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Бас конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің және Грузияның Ядролық және радиациялық қауіпсіздік агенттігінің өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелерін, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіруді, мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруды және озық халықаралық тәжірибені енгізуді талқылады.

Екі елдің реттеуші органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды. Тараптар ақпарат пен тәжірибені тұрақты алмасудың, сараптамалық өзара іс-қимылды нығайтудың және АЭХА-ның халықаралық стандарттары мен ұсынымдарын ескере отырып, ұлттық тәсілдерді жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің негізгі қорытындысы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті мен Грузияның Ядролық және радиациялық қауіпсіздік агенттігі арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және одан әрі дамытуға, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою болды.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Грузияның атом саласындағы ынтымақтастығын дамытудағы маңызды қадам болды және бірлескен бастамаларды іске асыруға, озық тәжірибелермен алмасуға әрі кәсіби байланыстарды ұзақ мерзімді негізде нығайтуға қосымша мүмкіндіктер береді.

Қазақстан мен Грузия ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына бейілділігін және екі мемлекеттің ұлттық заңнамасы мен халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өзара тиімді ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуға дайын екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atomic-control/press/news/details/1293415?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді