
Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» жедел профилактикалық акциясы қорытындыланды . Іс-шараның негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігін арттыру, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Акция барысында полиция қызметкерлері профилактикалық және бақылау шараларының кешенін жүзеге асырды. 41 іргелес аумақ тексеріліп, оның нәтижесінде жол қозғалысын ұйымдастыру жағдайларын жақсартуға бағытталған 53 іс-шара қолға алынды. Тұрғындардың жол қозғалысы ережелерін сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында 190 профилактикалық әңгімелесу өткізілді. Сонымен қатар жолдағы қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілген 350 ақпараттық брошюра таратылды. Профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 78 дерегінің жолы кесілді. Оның ішінде: • 30 дерек – қиылыстардан өту ережелерін бұзу; • 32 дерек – жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту талаптарын сақтамау; • 16 дерек – жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған құқық бұзушылық. Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік екенін еске салады. Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, қиылыстардан өткен кезде барынша мұқият болуы және заңнамада көзделген жағдайларда жаяу жүргіншілерге жол беруі қажет. Ал жаяу жүргіншілер жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтіп, жолға шығар алдында қауіпсіздікке көз жеткізуі тиіс. Бір сәттік асығыстық – ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан жолдағы әрбір әрекет қауіпсіздікке негізделуі керек. Абай облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы мәдениетін арттыру және барлық қатысушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1293453?lang=kk

Жауап қалдыру