
Мемлекеттік еңбек инспекциясының Абай облысы бойынша департаментінде Департамент басшысы Е. С. Ниетқабыловтың төрағалығымен бөлім басшылары мен мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мәселелері қаралды.
Өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау, өтініш берушілерге жауаптарды уақтылы ұсыну, сондай-ақ қойылған мәселелер Департаменттің құзыретіне кірмеген жағдайда өтініштерді басқа мемлекеттік органдарға жолдау тәртібі мен мерзімдерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, атқарушылық тәртіп, хаттамалық тапсырмаларды уақтылы әрі сапалы орындау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге өтініштерді уақтылы әрі сапалы қарауды және қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1293460?lang=ru

Жауап қалдыру