Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 9-11 қыркүйекте Арал және Қармақшы аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.23ж. №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу Қағидаларына» сәйкес куәландыру (қайта куәландыру) кезінде мүгедектігі бар адамның оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне қарай әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу тәртібіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.23ж. № 288 бұйрығы «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бойынша түсініктемелер беріліп, осы іс-шараға қатысты №031\е нысанды медициналық құжаттаманы толтыру кезінде жиі кездесетін қателіктерді атап өтіп,  ескертулер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1293537?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді