Ақтау қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 қыркүйекте Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ғимаратында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында қала тұрғындары құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді.
Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов әрбір өтініштің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралатынын атап өтті.
Сондай-ақ азаматтар көтерген мәселелер бойынша шаһар басшысы жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, олардың шешілу мүмкіндігі мен заңдылығын зерделеуді міндеттеді.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1293565?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді