«Әділет» партиясының Сандықтау аудандық филиалында сайлауалды штаб мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БІРЛЕСКЕН ЕҢБЕК ҮШІН АЛҒЫС

Бүгін «Әділет» партиясының Сандықтау аудандық филиалында сайлауалды штаб мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.

Сайлау науқаны – үлкен жауапкершілікті, белсенділікті, бастамашылдықты және ауызбіршілікті талап ететін маңызды жұмыс. Халықпен кездесулер өткізу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, түрлі іс-шараларды ұйымдастыру, елді мекендерге сапарлар жасау және тұрғындармен тікелей байланыс орнату – осының барлығы біздің командамыздың күнделікті еңбегінің нәтижесі.

«Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Арқабайұлы Дадебайдың атынан сайлау науқанына белсенді қатысып, қолдау көрсеткені және ортақ іске қосқан үлесі үшін сайлауалды штаб мүшелеріне «Әділет» партиясы Сандықтау аудандық филиалының төрағасы Майя Амангелдіқызы Аркенова алғыс хаттар табыстады.

Бізбен бірге болып, қолдау көрсеткен, көмектескен және ортақ нәтижеге өз еңбегімен үлес қосқан әрбір жанға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Бірлік пен ауызбіршілік бар жерде – береке мен нәтиже бар. Біртұтас команда болып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, қоғам игілігі жолындағы маңызды міндеттерді бірге жүзеге асыра берейік!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жаңа жетістіктер және алдағы жұмыстарыңызға толағай табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sandyktau/press/news/details/1293621?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді