
Бейнеу ауданы полиция бөлімінің жеке құрамына арналған «Берекелі отбасы – мемлекет тірегі» атты жас отбасылар форумы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Бейнеу аудандық әкімдігінің Отбасын қолдау орталығының құрылымдық бөлім басшысы Айнұр Тәжімағанбетова қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – жас отбасылар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы мен түсіністігін арттыру, отбасы институтын нығайту, сондай-ақ отбасылық жанжалдар мен тұрмыстық мәселелердің алдын алу.
Форум барысында отбасының қоғамдағы рөлі, бала тәрбиесі, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қолдау және берекелі шаңырақ қалыптастырудың маңызы туралы пікір алмасу өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар отбасы – қоғамның берік негізі екенін атап өтіп, отбасындағы татулық пен өзара құрметтің маңыздылығын ортаға салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1293694?lang=ru

Жауап қалдыру