
СҚО Әділет департаменті мен СҚО Азаматтық альянсы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті мен «Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянсы қауымдастығы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Негізгі мақсат — мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының құқықтық ағарту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетті нығайту бағыттарындағы күш-жігерін біріктіру.
Меморандум аясында азаматтардың өз құқықтары мен оларды қорғау тетіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған бірлескен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, кездесулерді, консультациялар мен қоғамдық бастамаларды өткізу жоспарлануда.
Мұндай өзара іс-қимыл «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұрғысынан ерекше маңызға ие. Өйткені заңды құрметтеу оны түсінуден, өз құқықтарын білуден және белгіленген нормаларды сақтау әр адамның жеке жауапкершілігі екенін сезінуден басталады.
Заң және тәртіп — мемлекеттің ғана міндеті емес, қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Мемлекеттік және азаматтық секторлардың мүмкіндіктерін біріктіру Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін құқықтық ағартуды б�
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1293691?lang=ru

Жауап қалдыру