
2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің еңбек инспекторлары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, профилактикалық бақылау жүргізді.
Бақылау барысында еңбек заңнамасының сақталуы, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерінің қамтамасыз етілуі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы зерделенді.
Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1293706?lang=ru

Жауап қалдыру