
🌿 Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары!
Целиноград ауданының әкімдігі барша аудан тұрғындарын, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және дүниежүзілік «World CleanUp Day» тазалық күні аясында өтетін жалпыаудандық сенбілікке белсенді қатысуға шақырады.
📅 Күні: 2026 жылғы 19 қыркүйек
🕚 Уақыты: сағат 11:00-де
📍 Өтетін орны: Шалқар ауылдық округі (көпір маңайы)
Іс-шараның басты мақсаты – ауданның экологиялық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және туған өлкені көркейту жолында барша тұрғындардың күш-жігерін біріктіру.
Тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан басталады. Сенбілікке қатысу – туған ауылыңыздың көркеюіне өз үлесіңізді қосып, қоршаған ортаны өмір сүруге қолайлы әрі қауіпсіз етуге үлкен мүмкіндік.
Барлық аудан тұрғындарын, еңбек ұжымдарын, жастарды, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерді экологиялық акцияны қолдап, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз.
🤝 Бірге ауданымызды таза, көрікті әрі жайлы етейік!
Қоршаған ортаға деген жанашырлығыңыз бен белсенділігіңіз туған жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1293919?lang=ru

Жауап қалдыру