
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Хамитов Тимур Зуфарұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті. Брифинг барысында өңірдің тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндады. Цифрлық технологиялардың дамуы интернет-алаяқтардың әрекет ету тәсілдерінің де жаңаруына себеп болып отыр. Соның ішінде жасанды интеллект арқылы белгілі тұлғалардың бейнесі мен дауысын қолдану, тұрғындарға жоғары табыс уәде ететін жалған инвестициялық жобаларды ұсыну, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жеңіл әрі табысты жұмысқа шақыру деректері жиілеп келеді. Мәселен 2026 жылдың 8 айында облыс көлемінде 400 интернет алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 763 млн астам шығын келтірілген. Өкінішке орай халық арасында түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанына қарамастан алаяқтарға алданатын азаматтар әлі де азаймай отыр. Жыл басынан Қызылорда облысы көлемінде интернет-алаяқтық қылмыстарының 400 дерегі тіркеліп, өткен жылдан -5,2%-ға төмендеді. Есепті мерзімде интернет-алаяқтық қылмыстарының ашылу көрсеткіші 56,2%-ды құрап, өткен жылдан +24,5%-ға жақсарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1293980?lang=ru

Жауап қалдыру