Мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету Әлеуметтік кодекс және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №287 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Оңалтудың техникалық құралдарына кресло-арбалар, протездік-ортопедиялық құралдар, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар және басқа да арнайы құралдар жатады.

Қажетті құрал азаматтың абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына (ОАЖБ) сәйкес айқындалады. Азамат техникалық құралды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз бетінше таңдап, өнім берушіге тапсырыс бере алады. Портал арқылы өнім берушілердің ұсыныстарын салыстыруға және тапсырыстың орындалу барысын бақылауға мүмкіндік бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1294167?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді