
Бүгінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заманауи дрондарды тиімді пайдаланып келеді.
Әуеден бақылау барысында полиция қызметкері қала көшелеріндегі жол қозғалысын тікелей бақылап отырады.
Жол қозғалысы ережесін бұзған көлік анықталған жағдайда, полиция экипажы құқық бұзушы көлікті тоқтатып, тиісті әкімшілік шара көреді.
Осылайша, әуеден бақылау арқылы жолдағы тәртіпті жедел қадағалап, анықталған құқық бұзушылықтардың жолын дер кезінде кесуге мүмкіндік бар.
Бұл — заманауи технология мен полиция қызметінің үйлесімі.
Күн сайын — қауіпсіз қала, тәртіпті жол және азаматтардың тыныштығы үшін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1294239?lang=ru

Жауап қалдыру