
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-патриоттық мектеп-интернатымен жасалған меморандум аясында жас құтқарушыларға арналған практикалық сабақ өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша маңызды ақпараттар берілді. Атап айтқанда, жер сілкінісі кезіндегі алғашқы әрекеттер, «дабыл сөмкесін» дайындау, өрт сөндіру құралдарын қауіпсіз пайдалану, алғашқы медициналық көмек көрсету, судағы қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Практикалық сабақтар жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін арттырып, төтенше жағдай кезінде шұғыл әрі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1294297?lang=ru

Жауап қалдыру