«МЕНІҢ ЖАЗҒЫ КАНИКУЛЫМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 12,6 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ МЕН СТУДЕНТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«МЕНІҢ ЖАЗҒЫ КАНИКУЛЫМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 12,6 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ МЕН СТУДЕНТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Қазақстанда екінші жыл қатарынан «Менің жазғы каникулым» жобасы іске асырылуда. Жоба жазғы демалыс кезінде оқушылар мен студенттердің заңды әрі қауіпсіз еңбекпен қамтылуына қосымша мүмкіндік береді. Жобаның негізгі құралдарының бірі – Enbek.kz Электрондық еңбек биржасындағы «Менің жазғы каникулым» арнайы бөлімі. Оның көмегімен оқушылар қолжетімді бос жұмыс орындарымен танысып, түйіндемесін орналастырып, өздеріне қолайлы уақытша жұмысты өз бетінше таңдай алады. Жұмысқа орналасу мүмкіндігі заңнамада азаматтың жасына және белгіленген талаптарға сәйкес көзделген. Атап айтқанда, әдетте еңбек шарты 16 жасқа толған азаматтармен жасалады. Заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда 14 жастан бастап оқушылармен де еңбек шарты жасалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыс оқу уақытынан тыс кезеңде орындалуы, баланың денсаулығына зиян келтірмеуі және оқу процесіне кедергі келтірмеуі тиіс. Ата-анасының, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімі талап етіліп, еңбек шартына да заңды өкіл қол қояды. Жоба жасөспірімдерге алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауға, жұмыс берушілердің талаптарымен танысуға, практикалық дағдыларды меңгеруге және жұмыс іздеудің заманауи цифрлық құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. 2026 жылы «Менің жазғы каникулым» жобасы аясында 12,6 мыңнан астам оқушы мен студент жұмысқа орналасты. Ең көп сұранысқа ие бағыттардың қатарында курьер, промоутер, кеңсе көмекшісі, call-орталық операторы, әкімші және сатушы көмекшісі сияқты жұмыстар бар. Сонымен қатар жасөспірімдер архивтерде және басқа да жеңіл әкімшілік жұмыстарда, сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық саласында еңбек етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1294351?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді