
Елорда полицейлері студенттік жатақханаларда есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық рейдтер жүргізді.
Іс-шаралар Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығы, Сарыарқа ауданының әкімдігі және қоғам өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Қызметтік иттердің көмегімен жатақханалардың тұрғын корпустары тыйым салынған заттарды сақтау фактілерін анықтау мақсатында тексерілді. Студенттердің тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар полицейлер білім алушылармен заң талаптарын сақтау, жауапты мінез-құлық және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу қажеттілігі жөнінде профилактикалық әңгімелер өткізді.
Профилактикалық рейдтер өткізу – полицияның кешенді жұмысының бір бөлігі. Елордадағы білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жастардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуына жол бермеуге бағытталған дәрістер, кездесулер, түсіндіру жұмыстары және өзге де профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1294362?lang=ru

Жауап қалдыру