
Қарағанды облысы мәслихатының төрағасы Н.Көбжановтың төрағалығымен, Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, әкім орынбасарлары, басқарма және департамент басшылары, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері және мәслихат төрағаларының қатысуымен кезекті сессия өтті. Отырста облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен негізгі міндеттерді 2026 жылы іске асыру туралы есебі тыңдалды. 7 айдың экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқтала келе, инфрақұрылым, энергетика, газдандыру, жол құрылысы, ауыл шаруашылығын дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше назар аударылды. Ағымдағы жылы 2,9 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 322,5 млрд. теңгеге 44 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Мәслихаттың бақылауындағы ҚТҚ-мен жұмыс істеу, полигондардың жай-күйі, қалдықтарды сұрыптау, өлшеу жабдығының болмауы және жекелеген объектілерді паспорттау сияқты бірқатар шешілмеген мәселелер алдағы уақытта облыстық мәслихаттың бақылауында болмақ.
Денсаулық сақтау саласында қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қаралып облыстық бюджет есебінен нозология бойынша дәрі дәрмекпен қосымша 16 пациентті қамтамасыз ету қажеттілігі анықталды. Сондай-ақ, облыс әкімінің жанынан Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңес құрылды, ал жедел медициналық жәрдем станциясының құрылысы жобасы «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларының тізбесіне енгізілді.
Сессия шешімімен Қарағанды облысының аумағында үй жануарларын ұстау мен серуендету ережелерін де қабылданды. Жаңа аймақтық нышанды мақұлданды Сәулет-қала құрылысы кеңесі құрылды. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың қызметін жетілдіру мәселелерін қаралды.
«Қарағанды облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын берудің жаңа қағидаларын қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1294462?lang=ru

Жауап қалдыру