2026 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қаласындағы Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасында Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында Ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында балалар мен олардың ата-аналарына жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу мәселелері бойынша жетекші мамандар тегін медициналық консультациялар көрсетті.
Іс-шараға Қатарбаев Адыл Каирбекұлы — С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Құттықұжанова Ғалия Ғабдуллақызы — кафедра профессоры, медицина ғылымдарының докторы, сондай-ақ кафедра оқытушылары мен аурухананың дәрігер-инфекционистері қатысты.
Мамандар ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, балалар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу, медициналық көмекке ерте жүгіну және аурудың асқынуының алдын алу бойынша қажетті ұсынымдар берді.
Ашық есік күні тұрғындарға білікті медициналық кеңес алуға мүмкіндік беріп, ата-аналардың балалар денсаулығын сақтау және жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1294707?lang=ru

Жауап қалдыру