
«Шахан кенті әкімдігі аппараты» ММ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтегі адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған ақпараттық-тәжірибелік семинар өтті.Іс-шара Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық, айқындық пен жауапкершілік қағидаттарын дамытуға бағытталған жобасы аясында ұйымдастырылды.Іс-шараның спикері ретінде Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пулдың мүшесі Сулейменова Алтынай Ислямовна сөз сөйледі.Семинарға Шахан кентінің әкімі Өмірбеков Ғалым Алдыбайұлы қатысты. Кездесу барысында қызметтік әдеп талаптарын сақтау, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру және әрбір қызметкердің кәсіби қызметінде адалдық, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтудағы рөлі талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shahan-shahtinsk/press/news/details/1294725?lang=ru

Жауап қалдыру