310 мыңнан астам электрондық еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жұмыс берушілерге hr.enbek арқылы жолданды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қатынастары саласындағы цифрлық шешімдерді дамытуды жалғастыруда. Осындай құралдардың бірі – 2024 жылдан бастап HR Enbek ақпараттық жүйесінде жұмыс істейтін «Аурухана парақтары» сервисі.

Сервис жұмысшыларға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы мәліметтерді электронды форматта алуға және тиісті құжатты жұмыс берушіге онлайн режимде жолдауға мүмкіндік береді.

Аурухана парақтары туралы мәліметтер HR Enbek жүйесіне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен түседі. Осының арқасында жұмысшы электрондық құжатқа жүйе арқылы қол жеткізіп, оны жұмыс берушіге қағаз нұсқасында тапсырмай-ақ жолдай алады.

Сервисте аурухана парағын PDF форматында қарау және жүктеп алу мүмкіндігі қарастырылған. Электрондық құжатта оның түпнұсқалығын растауға мүмкіндік беретін QR-код бар. Сондай-ақ аурухана парағын HR Enbek арқылы тікелей жұмыс берушіге, жұмыс орнына немесе бухгалтерияға жеке бармай-ақ жолдауға болады.

Бүгінгі күнге дейін сервис арқылы жұмысшылар жұмыс берушілерге 310 187 электрондық еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жолдаған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1294733?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді