Алматыда балалар қауіпсіздігі туралы ақпарат ауызсу қаптамаларына орналастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда балалар қауіпсіздігі туралы ақпарат ауызсу қаптамаларына орналастырылды
Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалар қауіпсіздігі үшін ересектердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Осы бағытта полиция бизнес өкілдерімен бірлесіп, ауызсу қаптамаларына арнайы ақпараттық стикерлер орналастыру бойынша әлеуметтік бастаманы жүзеге асырды.
Стикерлерде ата-аналарға балаларға уақытылы көңіл бөлу қажеттігі ескертіліп, буллингке, бұзақылыққа және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы маңызды ақпарат қамтылған.
Бұл жобаның басты мақсаты – қауіпсіздік ережелерін күнделікті тұрмыста қолжетімді етіп, құқық бұзушылықтың салдарымен күрескеннен гөрі, оның алдын алу маңызды екенін қоғамға еске салу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1294785?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді