
Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов жұмыс сапарымен Боралдай ауылдық округіне барып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті әлеуметтік мәселелерді ортаға салды.
Атап айтқанда, тұрғындар жайылым жер тапшылығы, ауыз су мәселесі, жарық және инфрақұрылым жүйелерінің жағдайы жөнінде өз өтініш-тілектерін жеткізді. Әкім көтерілген әрбір мәселені мұқият тыңдап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
– Халықтың тұрмыс сапасын арттыру – басты міндет. Сіздердің ұсыныстарыңыз бен талап-тілектеріңіз ескерусіз қалмайды. Әр мәселе кезең-кезеңімен шешімін табады, – деді Ерлан Нұрмаханов.
Жиын соңында аудан басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, әрқайсының сауалына жеке тоқталды. Қабылдау барысында әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер мәселелері бойынша кеңестер беріліп, нақты жауаптар ұсынылды.
Боралдай ауылдық округі тұрғындары өз кезегінде аудан әкіміне алғыстарын білдіріп, көтерілген мәселелердің оң шешім табатынына сенім білдірді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/984909?lang=kk

Жауап қалдыру