ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ РИНАТА СҰЛТАНОВАНЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АЛТЫНМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов велоспортшы Рината Сұлтанованы Айти–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтады.

Қазақстандық спортшы жекелей уақытқа жарыста жеңімпаз атанып, ұлттық құрама қоржынына осы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медальді салды.

«Рината Сұлтанова мен бапкерлер штабын жарқын жеңіспен құттықтаймын! Алғашқы алтын медальдің орны әрқашан ерекше. Бұл жеңіс бүкіл ұлттық құрамаға жақсы серпін береді деп сенемін. Спортшыларымызға сәттілік, сенімділік және Азия ойындарында жаңа жеңістер тілеймін», — деді Ербол Мырзабосынов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1294914?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді