Алматының таулы аймағында полиция рейд жүргізді: 18 құқық бұзушылық анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Бостандық ауданы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері таулы аймақта рейдтік іс-шара өткізді. Негізгі назар квадроциклдер мен электрмотоцикл иелеріне, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалану және қауіпсіздік талаптарының сақталуына аударылды.

Рейд барысында полиция қызметкерлері 18 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз көлік басқарғаны үшін 5 әкімшілік хаттама, нөмірі оқылмайтын көлік құралын басқарғаны үшін 1 хаттама, Алматы қаласын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 10 хаттама толтырылды. Сонымен қатар тиісті құжаттары мен көлік басқару құқығы жоқ фактісі бойынша 1 хаттама және жол жүрісі қағидаларын бұзудың өзге де фактілері бойынша 4 хаттама рәсімделді.

Қозғалысқа қатысушылар мен қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін техникалық құралдарға да ерекше назар аударылды. Арнайы тұраққа 9 техника, оның ішінде 6 квадроцикл мен 3 электрмотоцикл қойылды.

«Таулы аймақ Алматы тұрғындары мен қала қонақтарының демалыс орны ретінде кеңінен танымал. Алайда бұл квадроциклдер мен өзге де мототехника иелерін белгіленген талаптарды сақтаудан босатпайды. Біздің мақсатымыз азаматтардың демалысын шектеу емес, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу. Мұндай рейдтік іс-шаралар аудан аумағында жалғасын табады», – деді Бостандық ауданы Полиция басқармасының бастығы Денис Лоскутов.

Полиция қызметкерлері квадроциклдер мен электрмотоцикл иелеріне көлік құралдарын пайдалану кезінде заңнама талаптарын сақтап, айналадағы адамдардың қауіпсіздігін ескеруді ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1294942?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді