
Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен отбасы құндылықтарын нығайту, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ алимент өндіру мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Абай атындағы Атырау облысының оқушылар орталығы» орталығында «Құқықтық көмек көрсету» акциясы өткізілді.
Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У. Қыстаубаева, Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы, адвокаттар алқасы және Нотариаттық палатаның өкілдері қатысты.
Акция барысында азаматтарға алимент өндіру, атқарушылық құжаттарды орындау, ата-аналардың міндеттері мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық кеңестер берілді.
Сонымен қатар, азаматтардың жеке мәселелері қаралып, алимент өндіруге байланысты туындаған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты түсіндірмелер берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ алимент өндіру мәселелері бойынша азаматтарға қажетті құқықтық көмек көрсету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1295456?lang=ru

Жауап қалдыру