
Қайрат ауылдық мәдениет үйінде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.
Тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова қатысып, байқауға қатысқан отбасыларды құттықтады.
Байқау жеңімпаздары:
І орын – Жеті төбе елді мекенінен Қожаназаровтар отбасы
ІІ орын – Көкбастау ауылынан Әмірқұлдар отбасы
ІІІ орын – Қадыровтар отбасы
Сонымен қатар арнайы номинациялар бойынша:
«Өнегелі отбасы» – ғасыр жасаған аяулы әже Ханшайым Есмуратоваға;
«Шығармашыл отбасы» – Төремұратовтар отбасына табысталды.
Ғасыр жасаған Ханшайым әже ақ батасын беріп, жас отбасыларға ізгі тілегін арнады. Ақ жаулы әженің батасы – ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық тәрбиенің жарқын көрінісі болды.
Мерейлі отбасы – мықты қоғамның негізі.
Берекелі шаңырақтар көбейіп, отбасылық құндылықтар ұлықтала берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1295478?lang=ru

Жауап қалдыру