МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҒЫ МЕН ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІБІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Әділет департаментінде «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әкімшілік жауаптылығы: құқықтық талаптар және қызметтік тәртіп» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М. Музатованың төрағалығымен ұйымдастырылды.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауаптылығының құқықтық негіздері, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңнама талаптарын, қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.
Іс-шараға Атырау қаласы Полиция басқармасы Әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ғалламов Азамат Ерболатұлы қатысып, әкімшілік жауаптылық мәселелері бойынша түсіндірме берді.
Сонымен қатар, қатысушыларға практикалық мысалдар келтіріліп, құқық қолдану тәжірибесі бойынша түсіндірмелер берілді.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1295485?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді