
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Талғар қаласының оқушыларына дәріс өткізілді.
2026 жылғы 9 қыркүйекте Алматы облысы Әділет департаментінің Талғар ауданының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Ғ.Достановпен, Талғар қаласының мектеп оқушыларына «Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға еліміздің Ата Заңының қабылдану тарихы, оның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді.
Конституцияның құқықтық мемлекеттің негізі ретіндегі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік беретін негізгі құжат ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Конституцияның негізгі ережелері бойынша түсіндірмелер алды.
Осындай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін, құқықтық санасын қалыптастыруға және еліміздің Ата Заңына деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
Заң және тәртіп — әділетті әрі құқықтық қоғамның негізі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1295512?lang=ru

Жауап қалдыру