БУДУ ГЕРОЕМ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БАТЫР БОЛАМЫН

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған «Батыр боламын» жобасы аясында Мөңке би ауылы, М.Тажин атындағы ЖОББМ-де спорт залының ашылу салтанаты өтті.

📍Шараға:
1. А.Уақап, А.Уақап «Батыр боламын» қайырымдылық қорының негізін қалалушылар
2. Д.Есенгелдин «Батыр боламын» қайырымдылық қорының Ақтөбе облысындағы жетекшісі, «Ел жанашыры» төсбелгісінің иегері
3 .Н.Бектұрған –ННН «Батыр боламын» қайырымдылық қорының қолдаушысы
4. М.Атабаев «Батыр боламын» қайырымдылық қорының Ақтөбе облысындағы өкілі
5. Мөңке би ауылдық округінің әкімі Д.Әмірханов.
6. Шалқар ауданының білім бөлімінің басшысы А.Башанов А.
7. «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Жұмағұлова.
8. Шалқар аудандық мәслихат депутаты Е.Жұбаназаров қатысты.
🔰Шара барысында:
Мөңке би ауылдық округінің әкімі Д.Әмірханов және Шалқар ауданының білім бөлімінің басшысы А.Башанов  шара ұйымдастырушыларын Алғыс хатпен марапаттады.

Бұл игі бастама – ел ертеңі болатын жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спорттың дамуына бағытталған маңызды қадам. Осындай игілікті іске мұрындық болып, ауылымыздың әлеуметтік-мәдени әлеуетін арттыруға үлес қосқан қайырымдылық қорына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Жаңа спорт залы – ауыл жастарының армандарына жол ашатын, ынтымақ пен бірлікті нығайтатын ортаға айналатынына сенімдіміз.
Спортпен шұғылданатын жастардың қатары көбейіп, болашақ чемпиондар осы залдан шығады деп сенеміз.
Жаңа спорт нысаны ауылымыздың өркендеуіне үлес қоса берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/984779?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді