Мемлекеттік еңбек инспекторлары Д.А. Калидошевпен А.Ғ. Рүстемов және Алматы қаласы Жетысу ауданы прокуратурсының өкілімен бірлесіп кездесу жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 18 қыркүйекте Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Д.А. Калидошевпен А.Ғ. Рүстемов және Алматы қаласы Жетысу ауданы прокуратурсының өкілімен бірлесіп ҚР-ның Еңбек кодексінде қарастырылған қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мәселелері бойынша “Карина” ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу жүргізілді.

Кездесу барысында жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, еңбек шартын жасасу, өзгерту және тоқтату, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбекақы төлеу, еңбек демалыстарын беру, тәртіптік жауапкершілік, кепілдіктер мен өтемақылар, еңбекті қорғау, сондай-ақ бұзылған еңбек құқықтарын қорғау және қалпына келтіру тәртібі мәселелері қаралды.

Видеоның толық нұсқасын ссылкадан көре аласыз: https://www.instagram.com/reel/DdbsxXsMfG6/?stkn=MWc3d21teHR0aWtuaA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1295537?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді