
Ауданда қала күні қарсаңында Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауқымды сенбілік өтті.
Акцияның негізгі алаңы Балалар саябағы болды. Саябаққа 800-ге жуық адам жиналды. Сонымен қатар кәсіпорындар, мекемелер мен басқа да нысандардың аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Жалпы аудан бойынша сенбілікке 5 мыңнан астам адам қатысты.
Акция барысында шамамен 25 гектар аумақ санитарлық тазалаумен қамтылып, 100 жас ағаш отырғызылды. Тазалық жұмыстарының қорытындысы бойынша 600 текше метрден астам қоқыс шығарылды.
Қала күні қарсаңындағы мұндай ортақ жұмыс айрықша мәнге ие. Сүйікті қаламыздың тазалығы мен абаттандырылуы әрқайсымыздың оған деген көзқарасымызға байланысты екендігі анық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1295628?lang=ru

Жауап қалдыру