
Бүгін Бейнеу аудандық кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қанағат Назарханов төрағалық етті.
Отырыста сабаққа тұрақты түрде бармайтын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған жасөспірімдердің мәселелері қаралды. Олардың әлеуметтік және құқықтық жағдайы талқыланып, қажетті қолдау көрсету, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы шараларға назар аударылды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Бейнеу ауданы полиция бөлімінің қызмет жөніндегі бастығының орынбасары, полиция майоры Ерғали Жандуллаұлы баяндама жасады.
Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша Бейнеу ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жанар Оразбаева баяндама жасап, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық жұмыстардың нәтижелері туралы ақпарат берді.
Жиын барысында кәмелетке толмағандардың сабаққа қатысуын қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өмірлік қиын жағдайға тап болған жасөспірімдерге қажетті көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдардың ұсыныстары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды. Жауапты органдарға профилактикалық жұмыстарды күшейту және кәмелетке толмағандардың жағдайын бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1295660?lang=ru

Жауап қалдыру