Семей–Өскемен автожолында көлік жылқымен соқтығысты: мал иесі жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 қыркүйек күні шамамен сағат 06:00-де Семей–Өскемен автожолының 52-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Анықталғандай, 48 жастағы жүргізуші «Nissan Primera» автокөлігін басқарып келе жатқан кезде жолдың жүру бөлігіне кенеттен шығып кеткен жылқыны қағып кеткен.

Оқиға салдарынан автокөлікке зақым келіп, жол қозғалысына қауіп төнді. Тексеру барысында жылқының қараусыз жүргені анықталды.

Жылқының иесі анықталды. 50 жастағы мал иесі ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Абай облысы Полиция департаменті ескертеді:

Жол бойында қараусыз жүрген мал — жүргізушілердің өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Мал иелері жануарларын елді мекендер мен автомобиль жолдарына өздігінен шығып кетпейтіндей жағдайда ұстауға және белгіленген жаю қағидаларын қатаң сақтауға міндетті.

Бір сәттік салғырттық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Малға жауапкершілікпен қарау — жол қауіпсіздігіне қосылған үлес.

Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелері мен ауыл шаруашылығы жануарларын жаю талаптарын сақтауға шақырады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1295608?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді