
«Ақниет» Талғар арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында профилактикалық бақылау жүргізілді.
Профилактикалық бақылау барысында көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен сапасы, заңнама талаптарының сақталуы, сондай-ақ азаматтардың тұруы мен болуы үшін қауіпсіз әрі тиісті жағдайлардың жасалуы тексерілді.
Профилактикалық бақылауды жүргізудің маңызды бағыттарының бірі әрбір алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, мынадай арнайы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуін бағалау болып табылады:
– әлеуметтік-тұрмыстық;
– әлеуметтік-медициналық;
– әлеуметтік-психологиялық;
– әлеуметтік-педагогикалық;
– әлеуметтік-еңбек;
– әлеуметтік-мәдени;
– әлеуметтік-экономикалық;
– әлеуметтік-құқықтық арнайы әлеуметтік қызметтер.
Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды. Оларды жою мақсатында бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, оның орындалу мерзімі белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1295677?lang=ru

Жауап қалдыру