
Жанама ауылдық округінде тұрғындарға Egov порталының мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Egov бұрышының қызметі, электрондық үкімет арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы кең көлемде мәлімет берілді.
Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) ашып, онлайн мемлекеттік қызметтерді дербес пайдалануды үйренді.
Аталған шара:
- тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға;
- мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдетуге;
- уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Жанама ауылдық округі тұрғындарына көрсетілетін ақпараттық қолдау алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1295733?lang=ru

Жауап қалдыру