
Сапар барысында қала үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысандар араланып, сонымен қатар қалалық инфрақұрылымды жақсарту мен дамытудың өзекті мәселелері қаралды.
«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС-де станция мен жылу желілерінің алдағы жылу беру маусымына дайындығы тексерілді. Сонымен қатар жөндеуден кейінгі ерлер моншасы мен сатып алынған арнайы техника қаралды.
Молодёжная көшесінде коллектордан ТК-1 «А» дейінгі жылу желісінің қайта жаңғыртылған учаскесінің жағдайы тексерілді.
Молодёжная көшесі, 53-үйдің ауласында аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
40 лет Победы көшесінде халық қатысатын бюджет аясында 76, 76/1, 78, 80 мекенжайлары бойынша балалар ойын алаңын салу жұмыстарының барысы тексерілді.
Московская көшесінде ұзындығы 1 шақырым болатын жол учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
27-кварталда жаяу жүргіншілер жолын салу, көшелерді жарықтандыруды орнату және рұқсат етілмеген үйінділерді жою жұмыстары жүргізілуде.
Станционная көшесі бойынша, НКСС-нан Сәтбаев көшесі мен 3-орталық бағытына қарай кәріз коллекторын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Карл Маркс көшесі, 36А мекенжайында көпқабатты тұрғын үй құрылысының барысы қаралды.
Новодолинский кентінде зират аумағын кеңейту мәселесі талқыланды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша әр бағыт бойынша алдағы міндеттер мен одан әрі атқарылатын жұмыстар айқындалды. Белгіленген мәселелер бойынша жұмыстар жалғасуда.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1295773?lang=ru

Жауап қалдыру