VI жастар спорт ойындары: Жамбылдық құрам 1 алтын, 4 күміс, 4 қола иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қаласында бокстан VI жазғы жастар спорт ойындары аяқталды.

Ғани Жайлауов жетекшілік ететін құрама VI жастар спорт ойындарында 1 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдеге ие болды.

Әулиеаталық боксшылардан 86 келі салмақта Ержан Рамазан жеңімпаз атанса, Жолмахан Темірхан (57 кг), Кобей Оразалы (63,5 кг), Әшірбай Бибарыс (71 кг), Сауытбек Айдамир (+92 кг) күміс жүлдеге ие болды, ал Иляс Нурасыл (48 кг), Орынбасар Рамазан (54 кг), Оразбай Нұрдаулет (80 кг), Маликомар Алдияр (92 кг) сынды спортшыларымыз қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, ерлер арасында жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысы құрамасы 4-ші орынға табан тіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/984733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді